ырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.
ІІІ. Есептер шығару.
339. Төбеде ілулі шам еденге құламау үшін қандай күш қажет? Сызбанұсқамен шамды бейнелеп, суретте оған түсетін барлық күштерді көрсетіңдер.
341. Майысқан болат сызғыш қандай күштің әсерінен қайта түзеледі? Сызғыш түгел түзелгенде ол күш неге тең?
347. Неге дәрігердің инесін айнадай жалтырады?
369. Массасы 3кг шойын кесектің ауырлық күшін табыңар.
370. 120 Н ауырлық күші бар бір шелек судың массасын анықтаңдар.
371. 20 л суға түсетін ауырлық күшін табыңдар.
386. Көлемі 25 л бензиннің салмағы қанадй?
387. Амортизатордың серіппесі 320 Н күштің әсерінен 9 мм-ге сығылды. 1,6 кН күштен серіппе қанша мм-ге сығылады?
388. 4 Н күш әсерінен динамометрдің серіппесі 5 мм-ге ұзарды. Осы серіппені 16 мм-ге ұзарту үшін салмағы қандай жүк салу керектігін анықтаңдар.
393. Шиыршық серіппенің ұзындығын 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Н серпімділік күш пайда болады. Оны 2,1 см-ге ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?
416. Бөлшектер салынған жәшіктің салмағы 500 Н. Егер үйкеліс күші бөлшектер салынған жәшік салмағының 0,05 бөлігін құраса, жәшіктің горизонталь еденмен қалыпты жылжыту үшін қандай күш жұмасау керек?
ІV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың есебін тексеру.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: 372, 373, 374, 382. 4. зертханалық жұмысқа дайындық.
Зертханалық жұмыс 4
Тақырыбы: Серпімді деформацияны зерделеу.
1-тапсырма. Серпімді элементі серіппе болып табылатын мектеп динамометрін градуирлеу.
Құрал-жабдықтар: динамометр, бір тілім қағаз, жүктер жиыны, штатив.
Жұмыс барысы:
Динамометр шкаласын ақ қағазбен бүркеңдер. Қағаздың екі жағы резеңке сақиналардың көмегімен динамометрге бекітіледі.
Страницы: << < 34 | 35 | 36 | 37 | 38 > >>