анықтауға болады?
Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?
Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің көлемін қалай есептейді?
V. Есептер шығару. 12- жаттығу. 1, 2, 5, 7.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма:32. 12-жаттығу. 3, 4, 6
7-сынып.
Есептер шығару.
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың дененің массасы, заттың тығыздығы тақырыптары бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: бекіту
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В. И. Кем,Б. А. Кронгарт. есептер мен жаттығулар жиынтығы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.
ІІІ. Есептер шығару.
263. Екі арбаша әрекеттескенде олардың жылдамдығы 20 см/с-тан 60 см/с-ке өзгерді. Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг. Кіші арбашаның массасы неге тең?
264. Арбашалардың массасы 1 және 3 кг, жылдамдығы 0-ге тең. Өзара әрекеттескен кезде үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ме болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады?
279. Шөмелеуші преспен жиналған шөп теңінің массасы 40 кг және мөлшері 90х40х55см. Осы тапталған шөптің тығыздығын табыңдар.
294. Цистернаға 2 т су сыяды. Осы цистернаға 2,5 м3 бензин құюға бола ма?
326. Текшенің барлық жақтарының ауданы 150 см2, ал істелген заттың тығыздығы 2700 кг/м3 болса, текшенің массасы қандай болады?
328. Массасы 200 г жез кірдің көлемін анықтаңдар. Жауабын мензуркамен тексеріңдер.
308. Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумнің 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын анықтаңдар.
ІV. Карточкамен жұмыс жасаға
Страницы: << < 25 | 26 | 27 | 28 | 29 > >>