Мақтақыз бен Мысық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Қарлығаш" ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Ашық сабақ
Білім беру саласы: "Қатынас"
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: "Мақтақыз бен Мысық"
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ажыратып, тура және кері санап, логикалық сұрақтарға жауап бере отырып есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Астыңғы,үстіңгі,оң жақ,сол жақ ұғымын үйрету. Сөздік қорларын молайту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ - жауап, "Мақта қыз бен мысық" ертегісінің желісі бойынша, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Қостілдік компонент: сиыр-корова, ағаш-дерево, тауық-курица.
Құрал жабдық: "Мақта қыз бен мысық" ертегісі кейіпкерлерінің суреттері, сандар, пішіндер, доп,. бір парақ қағаз.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінң әрекеті
Балалардың әрекеті
Ынталандыру оятушы
І Ұйымдастыру кезең
Амансыз ба алтын күн,
Амансыңба жер ана.
Амансыз ба көк аспан,
Амансыз ба апайлар.
Амансыз ба ? балалар!


Балалар қайталайды
Ұйымдастырушы-ізденуші
ІІ Негізгі бөлім
- Мен сендерге "бүгінгі күндерін сәтті болсын!" деймін.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қандай айлар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Ертең аптаның қай күні болады?
- Кеше апатның қай күні болды?
Жұмбақ.
Үйін жинап ертеңмен,
Мейіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты. Бұл қай ертегі?
Тосын сый:
Есік қағылады. Мысық ренжісіп кіреді.
Тәрбиеші: Саған не болған, неге ренжіп жүрсің?
Мақтақыз менің құйрығымды жұлып алды. Мақтақыз маған тапсырмалар берді, тапсырмамды орындау керек, ә

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: