Тақырыбы: " Мақтанышым - Маңғыстау"
Мақсаты: Балалардың туған жер туралы білімдерін тереңдету. Байланыстыра сөйлеу,сөздік қорын дамыту. Өз туған өлкемізді танып білуге, жақсы көруге,құрметтеуге,туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін,патриоттық сезімге тәрбиелеу.
1-жүргізуші: "Қазақстан әлемде жоғары білімді,халқы үш тілді де ;қазақ тілін
-мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін - ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін - жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек".
2 - жүргізуші: "Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл заман талабы".
1 - жүргізуші: "Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру"
2 - жүргізуші: "Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу"
1-Жүргізуші:"Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі"
2 - жүргізуші:"Рухани жаңғыру-ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту"
1- жүргізуші: -Құрметті қонақтар біздің балабақшамызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: -Елдордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен Ару қаламыздың 55 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміз көркейе берсін!
1 - бала: Елорда Киелі менің Елордам,
Арудай сұлу таранған.
Береке,бірлік,достықтың,
Тұнығынан нәр алған.
Жайнай бер,жаңа Астанам!
Ертегідей ғажап бас қалам.
Ынтымақтың тербеп бесігін,
Тәуелсіз ел көшін бастаған.
2-бала: Ақтауым Маңғыстаудың астанасы,
Құлпырасың көңілімді тербейсің.
Түбегімнің жайнаған мәңгі жасыл,
Арманымның биігіндей өрлейсің.
1-жүргізуші: -Бүгін біздің қаламыздың мерей тойына қонақтар келіпті .
Олай болса қонақтарды ортаға шақырайық.
2-жүргізуші:-Алматы қаласынан келген Арманды о
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>