Мұғалімнің ата-ана арасындағы табысты қарым-қатынасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Бастауыш сынып мұғалімі


Мұғалім мен ата-ана арасындағы табысты қарым-қатынас

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастық-пен мектептің бірлескен әрекетінде. Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы - оның негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады. Әрбір жағдайдан шығудың, оны түзетудің жолдарын табуы қажет. Ата-аналар ортасындағы арақатынасты одан әрі нығайтуға негіз боларлықтай тартымды да қызықты іс-шаралар өткізіліп отырған дұрыс. Отырыстар мен тренигтер ата-аналармен мектеп арасындағы алшақтықты жақындатар ең төте жол боларын нағыз нық сеніммен айта аламын. Тәрбие сағаттарында, аналар жиналыстарында ұсыныстар мен кеңестер, сауалнамалар, ойындар, пікір-таластар, ой ашар сұрақтары, тренингтер т. б. жұмыстар жүргізіп отырамын.
Өз тәжірибемде "Шаңырақ шаттығы" ата-аналар тренингін өткіздім.
1. Ата-аналар тренингі. (ережемен таныстыру)
Өз ойын ашық айту, өзгенің пікірін құрметтеу, шынайылық көрсету, белсенді әрекет ету, өз сезімін басқара білу, уақытпен санасу.
Ата-аналарды ортаға шеңбер жасап тұрғызу. (жаттығу түрлерімен таныстыру)
1 - жаттығу, "Шаттық шеңберіне шақыру" Аналар өз есімдерін таныстыра отырып, есімдері-нің бас әрпінен басталатын тілек сөз айтады.
2 - жаттығу, "Қозғалмалы орындық" Қима қағаздарды алып, өлең жолдарын оқиды, аяқталғанда орындыққа келіп отырасыздар.
3 - жаттығу "Кел, ән салайық" Мына қима қағаздарда өлеңнің тақырыбы және шумақтың бірінші қатары жазылған. Өлеңді әуеніне салып айтып, келесі шумақты келесі ана жалғастырып алып кетеді.
4 - жаттығу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: