Павлодар облысы, Ертіс ауданы,
Қоскөл ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Беспаева Айсұлу Оразқызы
Сабақтың тақырыбы : Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы.
Сабақтың мақсаты :
1. Мағжан поэмаларын атап,олардың мазмұндық тақырыбына қысқаша шолу жасау. «Батыр Баян» поэмасының тарихи-эпикалық сипатын таныту,сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасап,тақырыбы мен идеясын анықтау.
Поэманың көркемдік қуатын таныту.
2. Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін дамыту. Өз ойларын көркем-әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Оқушыларды Отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың тегі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: анализ-синтез, сұрақ-жауап, проблемалық баяндау, ой шақырукластер, компьютерді қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: Мағжанның суреті, интербелсенді тақтада - презентация
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру. Шаттық шеңбері. Күй әуені ойналады «Хафиз».
Мағжан өлеңдерінен үзінді оқылады.
Ессіз жүрек аспанға қол сермеді
Ессіз жүрек ақылға жол бермеді.
Жастық –у ғой,айнымай у ішіппін,
Бұл күндерде кеудені ой кернеді.
Дариға, сол күндерде күнім қараң,
Қазақ елі,бір ауыз сөзім саған:
Болғайсың,сыншы болсаң,әділ сыншы,
Кінәні жүрекке қой,қойма маған.
Сыр мен сезім тоғысқан бұл тамаша өлең жолдарының авторы Мағжан Жұмабаев. Мағжан -қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарының бірі,дара туған дарын,жыр еркесі атанған ақын. Өткен сабақта біз оның өмір жолы,шығармашылығымен, лирикалық өлеңдерімен таныссақ, бүгін поэмаларымен танысамыз.
ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. сабақ тақырыбы экраннан көрсетіледі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>