да сұрақтар берілген, енді сол сұрақтарға жауап берейік. Сабақ бойынша алған білімімізді қорытындылайық.
Тақырыбы: "Сүйемін" Өлеңде Анасына, жарына, еліне, жеріне деген махаббатты көрдік
Тәрбие негізі: Туған жерін, Анасын, жарын, отбасын құрметтеу.
Теңеу: күлдей шашы, жыландай иірмелейді, құрандай сөзі жоқ. Өлеңде неше шумақ бар. 4
Эпитет: Күңгірт, сұп-сұр, жабайы жар, ұйқы басқан қабағын.
Идеясы: Туған туысын, отбасын , елін, жерін жақсы көру, туған жердің мәртебесін көтеру.
Өте жақсы балалар! Міне балалар біздің алақанымыз жұмылып, бірікті. Яғни барлығы мызғымас бірлікте. Міне осыдан Елбасымыздың жариялаған "Мәңгілік ел" идеясы, Біздің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, қаламыздың 80 жылдығы осыған дәлел. Біз де жұдырықтай жүрегімізге махаббат, сүйіспеншілік, сезім, адалдық орнасын.
Мағжанның өмірі бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа, адамгершілікке, ұлылыққа шақырды. Қазақтың дарабоз ақыны Мағжан өмірден өтсе де, оның өмірі, өлеңі мәңгілік жас ұрпақ жадында жатталып қала береді.
Мағжан атамыз айтқандай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты мықты болып, алар асуларымыз көп болғай!
Жалындайық, жанып тұрып өрлейік.
Жанып тұрып, жатқа туды бермейік.
Ғылым қажет даласына қазақтың,
Елім үшін білім алып гүлдейік.
Таратпа қағаз
Слайд
слайд
Видеоматериал
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>