Ұлыбритания. Мемлекеттік құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ жоспары

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі Джумагалиева Б. М.
Пәні: Дүние жүзіне аймақтық шолу
Мерзімі: 26. 11. 2016 жыл
Пән мұғалімі: Ізмағанбетова Ә. Ш.
Сабақтың тақырыбы: "22. Ұлыбритания. Мемлекеттік құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы"
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлыбритания мемлекеті жайлы дәйекті мағлұматтар беру.
Міндеттері: Баспасөз, қосымша мәліметтермен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Картамен, статикалық материалдармен сипаттай білу
ҰБТ-ға қажетті мәліметтерді жинақтау.
Сабақ типі:Дәстүрлі сабақ
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, ой толғаныс, ой қорыту.
Көрнекілік: Оқулық,дүниежүзінің саяси картасы, атлас,кескін карта
Пәнаралық байланыс: Дж. тарихы
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу. Оқу-құрал жабдықтарын қадағалай отырып, түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы тексеру:
"Көпір"
1. Германия мемлекетінің геосаяси жағдайының тиімділігі неде
2. Аумағы бойынша Батыс Еуропада нешінші орында
3. Аса маңызды өнеркәсіп орталықтарын ата
4. Германия Федеративті Республикасының анықтамасы
5. Неше палатадан тұрады, қалай аталады
6. Табиғи ресурстарын ата
7. Машина жасау саласындағы кәсіпорындар
8. Қандай сала бойынша Германия әлемде әйгілі
9. Ауыл шаруашылығында қай сала жақсы дамыған
10. Ел тұрғындарының басты көлік түрі
11. Көлік кешенінің қай түрлері басым
12. Ірі порттарын атаңыз
13. "Автомобиль астанасы" деп қай қаланы айтады.
14. Тас көмірдің негізгі алаптары
15. Халқы жөнінен нешінші орында
16. Ұлттық құрамы қалай сипатталады.
17. Өнеркәсіптің дамуының негіз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: