Жаңа формация педагогының алдында тұрған негізгі проблема қандай десек,
ол:
-оқи білуге қалай үйрету?
-ойлана білуге қалай үйрету?
- өз өмірінің менеджері бола білуге қалай үйрету?
Ал оқытудың негізгі әдістерінің ерекшеліктері:
1. Білім алушының жеке бас ерекшеліктерін ескеру;
2. Білім алушының білімге сұранысын ескеру;
3. Ішкі қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ескеру;
4. Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту;
5. Жеке тұлғаның коммуникативті қасиеттерін тәрбиелеу.
Бүгінгі оқытудың басты мақсаттары:
oo ғаламдану дәуірінде өмір сүруге қабілетті ;
oo өзін-өзі дамыта алатын;
oo өз ойын еркін айта білетін;
oo білімді, шығармашыл;
oo қоғам талабына сай өзін көрсете алатын тұлғаны қалыптастыру.
Білім беруден күтілетін нәтиже:
oo денсаулығы мықты;
oo шығармашыл;
oo мәдениеті зор;
oo кәсіби бағдары айқындалған;
oo әлеуметтік жауапкершілігі бар;
oo өзіндік мақсат айқындап, оған жету жолдарын тауып орындай алатын білім алушыны қалыптастыру.
Жаңа білім мазмұнын жүзеге асырушы педагогтың:
-рухани бай;
-жан-жақты дамыған;
-рефлекцияға қабілетті;
-кәсіби білім мен біліктілік иесі;
-психология, физиология, социология негіздерін және өз пәнін жетік меңгерген жаңашыл болуы керек екенін жете меңгерген әрбір әдіскердің өзінің әдістемелік қызметін жаңа мазмұнда құра білетіні даусыз мәселе.
Әдіскер портфолиосының бөлімдері:
1. Жалпы мәлімет.
1. 1. Резюме ( (мүмкіндіктері және жинақталған тәжірибесі).
1. 2. Автобиография(өз өміріндегі оқиғаларды талдап, логикалық негізді шешім жасай білуі).
1. 3 Келешектегі жоспары (жоспардың нақтылығы және оны жүзеге асыру әрекетінің ойластырылуы).
1. 4. Интеллектуалдық даму нәтижесі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>