Мақсаты:балаларға Ұлы Отан соғысы туралы түсінік беру,осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін,жыл сайын Жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып,қазақ батырлары туралы түсініктерін кеңейту. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жүргізуші:Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен құралы,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Құрметті қонақтар,әріптестер,бүлдіршіндер осы кешіміздің сәні 10 "Балдәурен"ортаңғы тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық. Бәріміз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні құтты болсын!
Ендеше бүгінгі "Ұлы жеңіс-жасасын!" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Міне,енді отанымыздағы өшпес "Мәңгі алауға"қарап,осы сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп қаза тапқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп бір минут үнсіздік пен еске аламыз.
Көрініс(атаның соғыстан оралу сәті)
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар,ендеше осы сұрапыл соғыс туралы мағлумат берейін. Соғыс 1941 жылы 22 маусымында фашистік Германия елімізге соғыс ашты. Сол кездегі кеңестік елдің бірлігі,достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда сұрапыл соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды. Сұрапыл соғыста көптеген жауынгерлеріміз жанқиярлық ерлік көрсетті. Солардың ішінде Қасым Қайсенов,Талғат Бигелдинев,Әлия Молдағулова,Мәншүк Маметова,Бауыржан Момышұлы,Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктеріне құрметпен бас иеміз.
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып,болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын-дей келе кезекті балаларымыздың жеңіс мерекесіне арналған тақпақтарына береміз.
Арай:Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>