Ұйымдастырылған оқу - іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім облысы: Таным, қатынас, әлеуметтік, шығармашылық.
Білім бөлімі: Тіл дамыту,көркем әдебиет, айналамен танысу, сурет, жапсыру, құрастыру.
Тақырыбы: "Оюлар сыры".
Мақсаты: Балалардың туған елі - Қазақстанға, туған жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, елінің байлығын, халқының тұрмыс - тіршілігін айтып түсіндіру, ұлттық бұйымдар мен қазақтың ою - өрнек түрлерімен таныстыру, ойлау қабілетін жетілдіру, әдеби сөздерге, мақал - мәтел, тақпақтарға қызығушылығын, оны үйренуге деген белсенділігін арттыру. Өз ойларын жеткізу, берілген сұрақтарға толық сөйлем мен жауап бере білуге үйрету. Бастырып салу әдісі арқылы қылқалам және субояумен, желімдеп жапсыруда, құрастыруда жұмыс іскерліктерін қалыптастыру. Қос тілдік компонент: Өрнек - узор.
Іс -- әрекет кезеңдері
Тәрбиеші іс -- әрекеті
Балалардың іс -- әрекеті
Балалар назарын қонақтарға аударады.
"Шаттық шеңберін" өткізеді.
Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан қандай мемлекет?
Ия, біздің Мемлекет өзінің тәуелсіздігін алғанына міне 20жыл болыпты.
Елордамыз қандай қала?
Біз қай қалада тұрамыз?
Ұлтымыз кім?
Қазақстан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Балалар сәлемдеседі.
Қайырлы таң, шуақты күн мен қалықтап ұшқан құстарым!
Қайырлы таң күлімдеген көздерің!
Әрбір жүрек мейірімге толы болсын.
Мейірімді таңымыз, шуақты да ұзақ болсын!
Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет.
Біздің елордамыз Астана қаласы.
Біз Шымкент қаласында тұрамыз.
Ұлтымыз қазақ.
1. Қазақстан дейтін менің елім бар,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суғ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>