қтай аламыз. Яғни тағы да 33 рет өлшеу орындаймыз. Сонда барлық өлшеулер саны 343333100.
30-Есеп. Бірдей 8 тиын берілген. Олардың біреуі жалған және ол басқаларынан жеңіл. Бізде тек зертханалық таразы ғана, яғни тек қай жағының ауыр-жеңілдігін ғана анықтауға болатын таразы бар. Тек екі рет өлшеу арқылы жалған тиынды қалай таба аламыз?
Жауабы: Тиындарды төрт-төрттен екіге бөлеміз. Әрбір бөліктен үш-үштен тиындар алып, оларды таразының екі жағына салып өлшейміз. Егер олардың салмақтары тең болып шықса, онда екі жақта қалған бір-бір тиындарды таразыға салып өлшейміз де жалғанын анықтаймыз (жеңілін). Ал, егер де бір жағы жеңіл болып шықса, онда сол жеңіл жақтағы үш тиынды бөлек аламыз. Содан кейін олардың ішінен екеуін таразыға салып салыстырып өлшейміз. Қай жағындағы жеңіл - сол жалған тиын болады. Ал, егер олар да тең болып шықса, онда жалғыз өлшенбей қалған біреуі - жалған деген сөз.
Полимино есептері
Біздің көбіміз "домино" ойынымен таныспыз. Бұл ойынды екі шаршыдан тұратын тастармен ойнайды. Әрбір тастың бір шаршысында 0-ден 6-ға дейін нүктелер болады.
1953 жылы АҚШ математик-инженері, Оңтүстік Калифорния университетінің профессоры Соломон Голомб математикалық "полимино" ойынын ойлап тапқан. Кейін ресей бағдарламалаушысы Алексей Пажитнов осы ойын негізінде әйгілі "Тетрис" атты компьютерлік ойынын құраған.
Соломон Голомб ойлап тапқан полимино ойынының мағынасы мынадай: Полимино - бұл белгілі шаршылар санының бір объектіге бірігуінен құралған геометриялық фигура. Полимино ойынына негізделген көптеген логикалық басқатырғыш есептер бар.
Біз полиминоның бірнеше мысалдарын көрсетейік:
Мономино Домино Тримино Тетромино Пентомино Гексомино
Мұндағы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>