Үлкендердің еңбегі

Страницы: 1 | 2  >  >>

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: "Қатынас"
Бөлімі: Қоршағамен ортамен танысу
Тақырыбы: Үлкендердің еңбегі.
Мақсаты: Үлкендердің еңбегі туралы балалардың білімін толықтыру. Балаларды үлкендердің еңбегіне баулу. Қандай маман иесі болмаса, оны сыйлауға тәрбиелеу.
Билингвальдық компоненті: еңбек- труд, мақал- пословица
Іс-әрекет
кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеп
талаптану
Баларды достық шеңберге тұрғызып бір-біріне жылы лебіздер айту:
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Әке-шешеміз аман болсын!
Елде тыныштық болсын!
Жыл мезгіліне тоқтала кету.
Қыс туралы тақпақ айту:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады - қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Балалар дос-тық шеңберге тұрып, жылы лебіздер айтады. Қыс туралы тақпақтар айту.
Ұйымдастыру-шылық ізденіс
Балаларға әр түрлі мамандықтардың суреттерін көрсетіп, олардың еңбегімен таныстырамын.
Әке-шешелері қандай еңбек істей-ді туралы сөйлесу.
Мақал-мәтелдер кіргізу; түсіндіру
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Еңбек етсең, емерсің.

Сергіту сәті: Төрт бұрышты қолданып,
Үш бұрышты қолданып,
Үй жасаймыз көріңіз,
Жаңа қоныс, жаңа үйге,
Қуанышпен кіріңіз.
Құрлысшы, дүкенші, тігінші, шаш-тараз, модельер, аспазшы, дәрігер т. б. мамандықтарға қысқаша тоқтала кету.

Балалар мен сендерге "Еңбек" тақпағын оқып берейін:
Гүл өсірсең, терлеп
Мұның аты- еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп,
Мұның аты - еңбек.
Сабағыңа жөндеп,
"Әзірленсең - еңбек,
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Балалар суретте

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: