Литосфера және Жер қыртысы

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сабақ жоспары
Бекітемін: БОІ орынбасары Муратов С. С.
Курс атауы: "География,тарих,өнер: қиылыстары және өзара байланысы"
Мерзімі: 06. 12. 2016 жыл
Сынып: 10 "А"
Курс жетекшісі: Ізмағанбетова Ә. Ш.
Тақырыбы: "Литосфера және Жер қыртысы"
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты - Литосфера және литосфералық тақталар туралы түсінікті кеңейту, геосинклиналь, платформалар туралы білімді беру, литосфералық тақталардың қозғалыс типтері, жер қыртысының түрлері туралы білімдеріңді молайту.
Дамытушылық мақсаты - Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Климаттық картаны қолдана білуге, ол арқылы белгілі бір жердің климаттық жағдайын сипаттай білуге үйрету. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты - Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Литосфералық тақталар түрлері, тақталардың қозғалысы,платформа мен гесинклинальдар не екндігін біледі.
Материктер мен мұхиттар пішінінің өзгеру себептерін біледі.
Платформаның құрылымдық бөліктерін біледі.
Платформа мен геосинклинальдарға сәйкес келетін жер бедерін ажырата алады.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: