т бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталдау сұрақтары
Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
Ғ10 пернесінің қызметі қандай?
Ғ5 пернесінің қызметі қандай?
Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?
АІТ Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?
Жаңа сабақты түсіндіру
Мәлімет типтері
Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.
Паскаль тілінде пайдаланатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге:
бүтін – INTEGER нақты – REAL логикалық – BOOLEAN
тіркестік – STRING мәтіндік - TEXT типтер жатады.
Құрылымдық типтегі жиымдар – ARRAY, жазбалар – RECORD, жиындар – SET және файлдар – FILE түрлеріне бөлінеді.
Стандартты функциялар
Турбо Паскаль тілінде алдын ала програмалары жасалып стандарттты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық жән
Страницы: << < 16 | 17 | 18 | 19 | 20 > >>