28 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Телғожаева Хадиша Сағымбекқызы
Сыныбы: 5 пәні: қазақ тілі
Урок «Лексика»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға сөздік қор туралы лингвистикалық білім беру.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларға сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта, электрондық оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Мақал-мәтел жаттап келу. 2мин.
III. Жан-жақты білімдерін тексеру 8 мин.
Лексика дегеніміз не?
1. Табу дегеніміз не?
2. Омоним дегеніміз не?
3. синоним дегеніміз не?
4. Антоним дегеніміз не?
5. Тура мағыналы сөздер дегеніміз не?
6. Тұрақты тіркес дегеніміз не?
7. Қаз, үй сөздерін омонимге айналдыр.
8. Дисфемизм, эвфемизмге мысал келтір.
9. Синонимдік қатар жаса. Сұлу , аспан, көрікті, көк, әдемі, әуе, ажарлы.
IVСабақтың мақсатын айту.
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 15 мин.
Тіліміздегі сөздердің көбі – қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан байырғы төл сөздері. Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де, жалпы халыққа бірдей болады.
Мысалы:
Туыстықты білдіретін атаулар: ата, ана, нағашы, жиен, аға, жеңге, бөле, құда, т. б.
Мал атаулары: жылқы, түйе, сиыр, қой, құлын, лақ, т. б
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>