Ұлдар мен қыздар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>


9. Күлкі жаттығуы.
Балалар айнаға қарап әдемі мейірімді күлкіні бейнелеп береді. (1 минут)

10. Көрініс көрсету жаттығуы.
Сендер аналарыңмен бірге үйдесіңдер. Аналарың бүгін көңілсіз және әбден шаршаған кейіпте.
Балалармен бірге көріністі талдап, мынадай қорытынды жасайды. Біз анамыздың көңілін көтеру үшін, алдымен күліп, оны құшақтап және өзінің күлуін сұрауымыз керектігін естен шығармаңыздар.
Күлкі - бұл өз көңіл күйіңе, жақын адамдарыңның жүрегіне жол табатын құдіретті кілт.
11. Дидактикалық ойын. "Сенің атың кім және сен кімсің". (Балалар допты лақтырып кім екенін және атын айту керек)
- Ер балада қыздардың да аты болады. Олар да әртүрлі болады. Адамның аты арқылы ұл не қыз екенін ажыратуға болады.
12. Дәптермен жұмыс.
- Балалар, ұлдар мен қыздарды бір сөзбен кімдер деп айтамыз?
- Балалар.
- Балалар көбінесе немен ойнағанды ұнатады?
- Ойыншықтарды.
- Ойыншықтардың ұлдар мен қыздарға арналған түрлері бар?
- Сондықтан әліппе - дәптердегі берілген тапсырманы орындай қояалық. Сызық арқылы қос.
13. Балалар сендер бір - біріңмен ойнағанда ренжісіп, ойыншыққа таласып жатасыңдар. Ол жақсы ма, жаман ба?
- Біздер бір - бірімізбен ұлдар қыздар деп бөлінбей дос болуымыз керек.

- "Дос болайық бәріміз" әнін айту.
Әні: Х. Талғаров
Сөзі: И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер
Қ-сы
Дос болайық, бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз


Қорытынды.
-Балалардын қандай тақырыппен танысқандарын сұрау.

Балалар слайдтан өткен сабақты естеріне түсіріп айты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: