Білім беру саласы: "Қатынас", "Шығармашылық" Тақырыбы: "Күзгі бақ"
Бөлімі: Тіл дамыту,сурет салу
Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту. Күз мезгілі жайында жалпы балалардың білімдерін бекіту. Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту. Күзгі табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу. Қылқаламмен бояумен дұрыс жұмыс жасауды игерту.
Көрнекіліктер: Ойыншық қоян ,күз мезгілінің суреттері
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру, ойын, заттық суреттер
Қостілді компонент: Күз-осень, сары-желтый, жапырақ-лист.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.
Қайырлы таң, Алтын күн
Қайырлы таң,Көк аспан
Қайырлы таң, Жер ана
Қайырлы таң,қонақтар
Қайырлы таң,достарым
Жылуыңа жылу қосқан міне, менің қолым!
Ғажайып сәт:(сандық ішіне көптеген жапырақтарды қою,арасына қоянның көжегін жасыру)
Балалар қараңдар,мұнда не бар екен көрейік? Мынау сиқырлы сандық ғой!
Қалай ашамыз?Қолымызды соғып,алақанымызды жазып үрлесек ашылады. Жарайсыңдар!!!Ішінен қоянның көжегін шығару. Мен-көжекпін,балалар сендерден көмек сұрап келдім,маған көмектесесіңдер ме?Мен көктемде туылғанмын ,күз мезгілі туралы ештеңе білмеймін өтінем ,мына сұрақтарға жауап беріңдерші?Балалар көжекке көмектесейікпе?Иә,көмектесеміз!
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Күзді орысша қалай атайды?
Сары түсті орысша қалай ата
Страницы: 1 | 2 > >>