br/> "ОЙЫН: "шармен билеу"
Шарты: ортаға 8 ата-ана шығады. Екі-екіден жұп болып тұрады. Муызка ырғағымен бірге шармен билеу керек. Мысалы. Арқа мен арқа,иық пен иық,кеуде мен кеуде,бет пен бет ж/е т. б
Тәрбиеші:"Керемет күздің сән үлгісі"
Ал халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
5. "Әсем біздің арулар" (Сән үлгісін көрсету )
Сайыстың "Әсем біздің арулар" бөлімі бойынша әділ-қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын.
Ән: "Анадай асыл мектебім"
Тәрбиеші: Жігіттердің биші аяғы Билемесе тұра алмас. Мерекеде би билесе Қандай ана қуанбас! - дей келе Айниддиннің орындауында би:"Адай"
Балалар мен ата-аналардың орындауында би.
"Күз ханшайымы" сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп мадақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылады.
1. "Күз ханшайымы" -.
2. "Сүйкімді ару" -.
3. "Мың бұралған биші ару" -.
4. "Шебер ару" -.
5. "Ақылды ару" -.
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз
дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін. Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі. Шашу шашылып, мереке аяқталады.
Білім,ғылым,өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі ,
Үміт етер өздерің.
-дей отырып, бүгінгі "Күз ханшайымы" сайысын аяқтаймыз.
Келлер орта мектебі
<
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>