Күз ханшайымы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: " Күз ханшайымы"
Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күздің негізі белгілерін, әңгімелеп айтуға үйрету, күз байлықтарын - астық, көкөніс, жемістер туралы білімдерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.
Тәрбиелілігі: туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып,адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Күзді бейнелейтін слайдтар, ағаш, жапырақтар, Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер,шарлар, қағаз бас киім, күз кереметтері,үн таспа т. б.

Тәрбиеші : Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, мектептегі бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге бірге қыздарымыздың да ақылды да,парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан, бүгін балауса қыздарымыздың қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1. Боранбаев Жомарт Ақайұлы
2. Абдрахманова Гульзина Батановна
Тәрбиеші: Шалықтатып мерекеде ән бастайық, Өнерпаз өлеңдерге тамсанайық Ортамызға шығады,қараңыздар, Күміс көмей әнші ұл-қыздарыңыз!
Ән "Күз келгенде"
Тәрбиеші :
Уа, халайық,халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысты біз бастайық.
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын. Музыка ойналып тұрады)
Тәрбиеші : Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне, ортаға толқып-тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
Сайысқа қатысушы аруларды рет

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: