Күз бояу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Зал іші мерекеге сай безендірілген.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұжымдастар! Бүгінгі біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша-"Күз бояу" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға 10 "Балдәурен" ортаңғы тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!
Балалар музыка әуенімен ортаға кіреді.
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған- деп
келесі кезегімізді өлең шумақтарға берейік.
Абылай: Жапырақ ұшты
Суық түсті
Сонда да бізге
Қызық коп күзде.

Аяулым: Қоңыр күз шақты
Шаруаға қолайлы
Біз жақсы көреміз
Жемісі мол айды

Нұрай: Қарашы далаға
Реңі сары-ала
Пісті алма албырап
Сарғайды бал құрақ.

Нұрислам: Алақай күз келді
Қарық қып жеміске.

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Ән: "Жау - жау жаңбыр"

Жүргізуші: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендердің ойнағыларың келеді ғой, олай болса "Тамшылар мен жапырақтар" ойынын ойнаймыз. (Кілем үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. Екі - төрт бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды).





Жүргізуші: : Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
"Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін"-Бұл не ,балақайлар? (Күз)
Жарайсыңдар балалар! Бүгін бізге көпен күткен қонақ келеді. Ол "Күз ханшайымы".
(Залға әсем әуенмен, жапырақ ша

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: