Күз - байлығымыз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Күз - байлығымыз!" атты ертеңгілік

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Зал іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтар, әуен.
Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң сыныпқа балалар кіріп орындарына тұрады.
Тәрбиеші: Балдай тәтті бүлдіршіндер! Бүгінгі біздің "Болашақ" мектепалды даярлық тобында өткізілгелі отырған "Күз - байлығымыз!" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз!
Тәрбиеші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар қонактар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоооқ.
Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз,
Сайраңдаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Тәрбиеші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: "Алтын күз"
Әділжан: Көбейді құт береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: