Мектепова Жайнагул Ермековна
50 орта мектеп
Музыка пәні мұғалімі
Ақтөбе қаласы
Қазақстан
Музыка сабағы 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Күй шешені— Қазанғап
Сабақтың мақсаты:Білімділік:оқушыларға күй шешені Қазанғап Тілепбергенұлы шығармашылығымен таныстыру. Қазақтың күйші-композиторы Қазанғаптың «Көкіл» күйін тыңдату арқылы күйдің мазмұнын түсіндіру, күй тартыс музыкалық сөздігіне түсінік беру. Халық әні «Гүлдерайым» әнін үйрету.
Тәрбиелік:оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Сонымен қатар күй шығармаларын тыңдай және мазмұнын түсіне білуге тәрбиелеу. Оларды өнерлі болуға , өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу, баулу.
Дамытушылық:Оқушылардың күй өнеріне қызығушылығын ояту. Олардың ән-күй тыңдау арқылы сезімталдығын арттыру,есте сақтау, ойлау, ести білу, қиялдау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың типі:жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, ойқозғау, Семантикалық карта, «Бірін-бірі» бағалау, «Бірін-бірі оқыту», сәйкестендіру кестесі, «Елес жетелеу», ассосация әдісі .
Сабақтың көрнекілігі:Қазанғап Тілепбергенұлы портреті. Тақырыптық суреттер, семантикалық карта, «Сәйкестендіру» кестесі,композиторлар портреті.
Сабақтың пәнаралық байланысы:ана тілі, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Әнмен сәлемдесу:
Оқушылар:
«Саламатсызба, ұстазым,
Өнер-білімге құштармыз біз».
Мұғалім:
«Сәлематсызба, балалар,
Ұстаз еңбегін бағалар».
2. Шаттық шеңберін құру. (топқа бөліну)
1-топ: «Әншілер» 2-топ: «Бишілер» 3-топ: «Күйшілер»
Дауыс алыптастыру жаттығуын орындау:«С-dur» гаммасы. Стаккато, лигатто. Буындармен орындау. «А, о, и, у, ля, м»
Үйтапсырмасын сұрау. «Жасырын сұрақтар»
1. Дәулеткерей Шығайұлы кім?
2. Дәулеткерейдің күйлерін ата
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>