Квадрат теңдеулерді шешудің әдістері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Алгебра. 8 сынып. Квадрат теңдеулерді шешудің әдістері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Квадрат теңдеулерді шешудің әртүрлі тиімді тәсілдерін үйрету, олардың ерекшеліктерін танытып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін кеңейтуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақта қолданылған оқу-әдістемелік
құралдар: Интерактивті тақта, кубик, әртүрлі тапсырмалар
Сабақтың жоспары :
Ұйымдастыру бөлімі
Ой толғау сәті (сұрақ-жауап)
Біліміңді тексер (деңгейлік тапсырма )
«Ойланайық, кім ойшыл?»
«Кім жылдам?»
Қорытындылау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлематсыздар ма, балалар?
Біздер өткен сабағымызда «Квадрат теңдеуді шешудің әдістері» тақырыбымен танысқанбыз. Енді квадрат теңдеулер туралы не білесіңдер,сол туралы ой қозғап, білгенімізді жинақтап көрейік .
II. Ой толғау сәті
1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады ?
2. Егер ах2 вхс0 теңдеуіндегі в немесе с нөльге тең болса, онда ондай теңдеулер қандай теңдеулер болады ?
3. Квадрат теңдеуді шешудің қандай әдістері бар ?
Әдістері:
Көбейткіштерге жіктеу
Екімүшенің квадратын айырып алу
Формула арқылы шешу
Виет теоремасы бойынша шешу
Графиктік тәсілмен шешу
Квадраттық теңдеулердің коэффиценттерінің қасиеттері арқылы шешу
Асыра лақтыру әдісі
III. Біліміңді тексер
Қазір тақтаға шығып берілген тапсырманы қорғайсыңдар.
х28х-9 0
Көбейткіштерге жіктеу тәсілімен
Екімүшенің квадратын бөліп алу әдісімен
Формула арқылы шешу
Виет теоремасы бойынша
Міне, балалар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: