Кубизм

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Баяндама
Тақырыбы: "Кубизм" әдісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Е. Б. Сатаева
102 б/б Алматы қаласы

Әдіс - оқу-тəрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тəсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту əдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нəрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту əдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тəжірибенің арасын жақындатады. Тəсіл - оқыту əдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен ісқимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тəсілге жатады. Тəсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тəсілдерінің түрлері: ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тəсілдері; мəселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тəсілдер; оқушылардың сезімдеріне əсер ететін тəсілдер; жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тəсілдері.
Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған:

Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер (білім көзібақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).
Түсіндірме - көрнекілі əдістің мəні - оқытушы əрқилы құрал-жабдықтар көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді жəне есте қалдырады. Оқушылардың танымдық іс-əрекеті дайын білімдерді есте қалдыруымен еленеді, бірақ бұл бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой белсенділігіне ешқандайда əсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни ақпарат

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: