Кәсіпкерлік құқық терминдер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тәуекелова Ақниет , Экономика 181, 2курс
Терминдер:

1. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар -кәсіпкерлік қызмет саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі қатынастарды қоса алғанда, олармен тығыз байланысты коммерциялық емес қатынастарды білдіреді.
2. Сауда мәмілесі - тауарлардың көрсетілетін қызметтердің экспортымен және импортымен шығармашылық қызмет нәтижелерімен немесе оларды пайдалану құқығымен байланысты мәміле.
3. Хеджирлеу (ағылш . hedge-қоршау, қоршау) - баға тәуекелдерінің әсерін өтеу үшін бір нарықта мәмілелер ашу. Әдетте хеджирлеу мерзімдік нарықтарда мәмілелер жасау жолымен бағалардың өзгеру тәуекелдерін сақтандыру мақсатында жүзеге асырылады.
4. Шарт -- екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.
5. Ақылы шарт - өз міндеттемелерін орындағаны үшін тараптың ақы алуы немесе бір-біріне бір нәрсе керек болуын айтатын шарт.
6. Ақысыз шарт - бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт.
7. Жария шарт -коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт .
8. Қосылу шарты - ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгіленген және басқа тарап оны ұсыныылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт.
9. Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасаалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасауға міндеттенеді.
10. Консенсуалды

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: