Тренингтің тақырыбы: "Көшбасшы болуға ұмтыламыз"
Мақсаты:Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру.
Ұйымдастыру.
Психологтің сөзі.
"Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық". Н. Ә. Назарбаев
Көшбасшы(ағылшынша leader - басқарушы деген мағына білдіреді) - нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.
Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.
"Өзін- өзі таныстыру" жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Әр оқушы өз есімдерін және өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:
- Өмір ағымынан қалмау;
- Әрдайым білімге талпыну;
- Әрқашан жақсылық жасау;
- Биікке ұмтылу т. б.
Жаттығу: "Менің қасиеттерім" /Оқушылар өздерінің қасиеттерін жазып, екі кісіден бөлініп бір-біріне айтады, одан кейін өздерінің жазған тізіміне қарап көшбасшыға лайықты қасиеттерді астынан сызу керек/
Жаттығу: "Паровозик" /балалар екі топқа болінеді. Жургізушінің көзі ашық, қалғандары көзін жұмады. Паровоздар бір-біріне соғылмау керек/
-Паровоздің жүргізуші немесе вагончиктер болу қиын болды ма?
Міне, балалар көшбасшы болуға тағы бір қасиет таптық, ол жауапкершілік.
-Жақсы, балалар, енді сеңдерге мынандай тапсырма коллаж жасау &qu
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>