Көрікті шырша

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

стүрлері бар. Жалпы алғанда, әсем ойыншықтары жарқыраған жасыл шырша Жаңа жылдың символына айналған. Жаңа жылдық тұңғыш шырша 1600 жылы Герман провинциясы Эльзаста орнатылған, депті-мыс. Алғашқы кездешыршаны қағаздан жасалған раушан гүлдерімен безендірсе, 1737 жылдан бастап көз жауын аладайр зерленіп оқаланған түрлі әшекей ойыншықтармен көркемдеу дәстүрге айнала бастады. Адамдардың мерекеге арнап шыршанытаңдауы да

кездейсоқ жағдай емес. Ертедегі египеттіктер, римдіктер басқа да еуропалықтар шырша түсін өшпес өмірдің белгісі санаған. Сондай - ақ, мәңгі жасыл өсімдіктер - қарағай, лавр, кипаристерді де ерекше құрметтеп, мәңгілік өмір мен денсаулық осыларға байланысты деп есептеген.
Жасыл шыршалардың өз рекордтары да бар. Мәселен, әлемдегі ең биік шырша1950 жылы желтоқсанда Американың Сиэтл қаласында орнатылыпты. Оныңбиіктігі 67,4 метр екен. Ал жасыл шыршаны құлпыртып безендірудеЛантана қаласында орнатылған (Флорида штаты) шырша иемденеді. Биіктігі38 метрлік бұл жасыл аруға 15100 сырға шырақ, ұзындығы 850 метр болатынгүлтізбесі, 1500 ойыншық, 500 алуан түрлі әшекей заттар ілінген.
Ең үлкен жасанды шыршаны аргентиналықтар жасапты. Буэнос - Айрестің орталық алаңына тұрғызылған "ғажайып ағаштың" биіктігі отыз метрден асқан.
Жыл он екі ай бойы келушілердің таңдайын қақтырған ерекше шырша Сент - клаус қаласындағы (АҚШ, Индиана штаты) жұрт аяғы сейілмейтін көрікті де сұлу саябақта "бой көтерген". Бұл шырша алуан түрлі әшекей, ойыншықтарменжыл бойына безендіріліп тұрады, өйткені, осынау жасыл арудың сабағына өзіңнің кез-келген әшекей затыңды іліп қою - үлкен бақыт. Сондықтан да осы жерге қала тұрғындары мен қонақтары әсте құр қол келмейтін көрінеді.
Ал жылдарға жануарлар атын беру дәстүрі ежелгі Қытайдан басталған екен.


Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: