Аққөл орта мектебі
Ашық сабақ
Космос.
Басқа планеталардағы ауырлық күші
Дайындаған физика пәні мұғалімі: Ескендирова Г. А
2014
Сабақтың тақырыбы: "Космос. Басқа планеталардағы ауырлық күші"
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық білімдерін тереңдетіп, теория мен байланыстыра отырып, мәдениетті де, сауатты сөйлеуге дағдыландыру; іскерлік қасиеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілігі: плакат, слайдтар, тест тапсырмалары
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа қатысуы
2. Оқушыларды топқа бөлу.
II. 1 кезең. Бәйге (сұрақтар)
III. 2 кезең. Үй тапсырмасын тексеру (топ сайысы), қорғау,бағалау,презентация
IV. 3 кезең. Қызықты есептер.
V. 4 кезең. Тест тапсырмасы
VI. Қорытынды
VII. Бағалау
VIII. Үй тапсырмасы
1 кезең. Бәйге (сұрақтар)
1. Жасанды жер серігінің шыққан күнін атаңыз? (4 қазан 1957 жыл)
2. Алғашқы рет адам қашан ғарышқа ұшты? (12 сәуір 1961 жыл)
3. Алғаш рет ғарышқа ұшқан кім? (Ю. Гагарин)
4. Ғарыштың негізін салушыларды атаңдар? (С. П. Королев)
5. Ғарыштың негізін құрған алғашқы ғалым құрастырушыны атаңдар? (К. Э. Циолковский)
6. Әйелдер арасынан қашан және кім ғарышқа ұшты? (В. Терешкова, 16 шілде 1963 жылы)
7. Қай ғарышкер алғаш рет ашық ғарышқа қай жылы ұшты? (А. Лионов 1965 жылы)
8. Алғаш рет ғарышқа қандай ит және қай жылы ұшты? (Лайка 4 қазан 1957 жылы)
9. Ғарышқа тағы қандай иттер ұшты және қай жылы ұшты? (Белка, Стрелка 1960 жылы)
10. Алғашқы ғарышқа ұшу қанша минутқа созылды? (108
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>