түзетуін шексіз жасау мүмкіндігі.
Тарау материалдарын оқу кезінде сендер түпнұсқа кескінді және қолданыста бар кескіндердің өңдеуін арнайы программалар - графикалық редакторлар арқылы жасайсыңдар.
Компьютерлік графика түрлері
Барлық компьютерлік кескіндерді екі үлкен класқа бөлуге болады: екіөлшемді (2D, 2Dimensions-ден - 2 өлшеу) және үшөлшемді (3D, от 3Dimensions-ден - 3 өлшеу).
Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар: растрлық, векторлық және фракталдық.
Растрлық кескіндердің пиксельдерден тұратынын білесіңдер. Paint-те жасалған кескіндер, фотосуреттер - растрлық кескіндеудің мысалы болып табылады. Растрлық графика редакторлары тек қана сурет салуға арналмаған. Олардың көмегімен коллаждарды, фото- монтажды, суреттерді қалпына келтіруді және т. б. функцияларды орындауға болады.
Векторлық кескіндер сызықтар кесінділерден, доғалардан, әртүрлі пішіндерден тұрады. Демек, программа бір-бірінен тәуелсіз редакцияланатын, өзгеретін, орналастырылатын нысандармен жұмыс істейді.
Векторлық графиканың кұндылығы - файлдардың шағын көлемде болуы. Век- торлық кескіндердің растр кескіндерінен айырмашылығы - векторлық кескінді масштабтау кезінде сапасы өзгермейді, жоғары қалпын сақтайды (40- сурет).
Өнімдерді көркемдеуде векторлың графика қолданылады (кітаптардың, баннерлердің, афишалардың, плакаттардың суреттемелері және т. б. ).
MS Office қосымшаларын пайдаланып, өз композицияларың мен фигуралардан векторлық кескіндер құрған болатынсыңдар.
Фрактал әртүрлі масштабы бар сәйкес пішіндер жиынтығынаи құрылады. Фракталдың кескіндер математикалық теңдеулерден құрылады. Теңдеулердің коэффициенттерін өзгертіп, тірі және өлі табиғаттың нысандарын бейнелейтін (41-сурет) әртүрлі кескіндер алуға болады.
Фрактал графикасын пайда
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>