Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

тық шығындарға алып келеді. Бүл шығын корпоративтік компьютер желілеріне келгенде жүз, мың есеге дейін өседі.

Заманауи ақпараттық ресурстарды пайдаланатын әрбір адам зиянды бағдарламалардың қандай болатынын және оның салдары неге әкеліп соғатынын білгені жөн.
Ең зиянды қауіп көзі мыналар:
Интернет (ғаламдық ақпараттық желі) - зиянды бағдарлама түрлерінің ең көп тараған көзі. Әдетте, вирустар мен басқа да зиянды бағдарламалар интернеттегі танымал веб-сайттарда пайдалы әрі тегін бағдарламалық жасақтама ретінде орналасады.

Электрондық пошта - пайдаланушы қабылдап және пошта дерекқорында сақталған хабарлаламаларда да вирустар болуы мүмкін. Зиянды бағдарлама тіркемеде немесе хабарламаның өзінде болуы мүмкін. Сіз келген хабарламаларды ашқан кезде немесе хабарламаға тіркелген файлды дискіге сақтаған кезде компьютеріңіздегі мәліметтерді зақымдауыңыз мүмкін. Сонымен қатар, пошта арқылы келетін тағы екі қауіп көзі бар: спам және фишинг. Спам уақытыңызды алатын болса, фишингтің мақсаты сіздің құпия ақпараттарыңызды алу (мысалы, кредиттік картаңыздың нөмірі).

Бағдарлама әлсіздіктері - бағдарламадағы "саңылаулар" хакер шабуылдарының басты көзі. Әлсіздіктер хакерге компьютеріңізге және сәйкесінше жеке деректерге, сізге қолжетімді LAN/Ethernet ресурстарға және басқа ақпарат көздеріне қашықтан кіруіне мүмкіндік береді.

Шағын дерек тасушылар - тасымалдаушы жетектер мен жад кеңейтім карталары (флэш карталар) ақпаратты тасымалдау үшін әлі де қолданылуда. Шағын дерек тасушыға сақталған файлды қосу арқылы компьютеріңіздегі деректерді вируспен зақымдап және оларды компьютердегі басқа құрылғыларға таратуыңыз мүмкін. .

Ғаламтормен жұмыс жасайды. e. edu. kz сайтына кіріп Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: