Сабақ 7
Пәні: Информатика
Класы: 5 «Ә»
Күні:14. 10. 2015
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қосымша құрылғылар, оларды орнату, драйверлер туралы жалпы мәлімет беру, компьютердің қосымша құрылғылары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі:
Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру.
Көрнекіліктер: Компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта, презентация
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
І. Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал:
Топпен «Сәлемдесу» тренингін өткізу.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Жақсы олай болса әрі қарай сабағымызды жалғастырайық.
Бүгін сабақта топпен жұмыс істейтін боламыз. (1топ,2топ)
Әр орындалған тапсырма үшін топтарға фишкалар беріледі. Собақ соңында фишкалар саналып қорытынды шығарылады.
Балалар, мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамын. Бір -бірімізді көргенімізге қуанышты екенімізді көрсете отырып, амандасайық.
Топқа бөлуін ұйымдастыру. Қобдишадан әр түрлі түсті стикер болады және сол стикерде сұрақ жазылған. Сол түстер арқылы 2топ анқыталады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
І топ. Компьютердің құрылығыларын ата. (таныстырылым жасайды)
ІІ топ. Компьютерді сипатта.
Оқушылар үй тапсырмасын айтып болған соң мұғалім Оқышылардан ББҮ әдісі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>