Компьютерде модельдерді зерттеу

Страницы: 1

Сабақ тақырыбы: Компьютерде модельдерді зерттеу
Сынып: 8
Мақсаты:
Модельдің анықтамасын меңгерту;
Оқу моделі, ойын моделі,тәжірибелік моделді ажырата алуға дағдыландыру;
Динамикалық,статистикалық модельді ажырата алуға дағдыландыру;
Модель мен модельдеудің айырмашылығын түсіндіру.
Ресурстар: интербелсенді тақта, компьютерлер, мониторлар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) Психологиялық жайлы ахуал туғызу.
ІІ. Өткенді қайталау:
а) үй тапсырмасын тексеру.
ә) сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
а) Жаңа тақырыпты ашу үшін оқушыларға сұрақтар қою.
ә) Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауды ұсынамын. Оқушылар топта жұмыс жасап болған соң ортаға әр топтан екі оқушы түсінгендерін айтады.
б) Оқушылар өздері динамикалық және статистикалық модельдерге мысалдар келтіреді.
IV. Бекіту:
а) Ақпараттық диктант.
V. Қорытынды:
а) Бағалау: Оқушылар өздерінің сабақты қаншалықты түсінгендерін смайликтер арқылы бағалайды.
ә) Үй тапсырмасы: динамикалық және статистикалық модельдер туралы оқып түсініп келу.




Страницы: 1
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: