Код сағаты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

і өте алыстан шапшаң алмастыруға мүмкіндік беретін протоколдар зерттеліп жатыр. Қазіргі кезде лазерлік мультитерабиттік желілер әзірленуде. "Кванттық тізбек" құбылысына негізделген кванттық желілер концепциясы жасала бастады. Квантты желілерді құру ондаған жылдарда шешілетін мәселе.
5. Бейбітшіліктің азаюы
Әлеуметтік желілер бірте бірте мәдениетке ықпал ете бастады. Оны "араб көктеміне" соқтырған Египеттегі революциялардан ақ көруге болады. Тыныштықтың кетуі деп жылдам ақпарат алмасуды да айтуға болады. Twitter-де АҚШ-тағы цунами жайлы ескерту пайда болғанға дейін жер сілкінісі кезіндегі жапондардың хабарламалары шыққан болатын. Жаңалықтар "жақында" емес, "дәл қазірге" көшті. Ал бұл өз кезегінде мәдениеттердің өзара кірігуіне ықпал етеді.
6. Күн энергиясы
Жердегі адамдар саны артып барады. Келесі 20 жылда ай сайын бір миллион тұрғыны бар қала пайда болады. Бұл қалаларды тиімді қуат көздерімен қамтамасыз ету керек. Мәселен, күн энергиясын алайық. Күн әлемнің энергияға сұранысын толығымен қамтамасыз ете алады, ол үшін 25 күн батареясын салу керек, олардың әрқайсысына 100 шаршы шақырым қажет болады. Мұндай жобаны жүзеге асыру үшін небәрі үш жыл керек. Қазір күн батареясын құрастырудың неғұрлым ыңғайлы жолдары қарастырылып жатыр.
7. 3D-баспа
Барған сайын заттардың барлығы "виртуалданып" барады. Қазіргі кезде қағаз кітап емес, оның орнына e-book оқимыз. 3D баспа технологиясы (3D печать) азық түліктен велосипедке дейін кез келген затты көзді ашып жұмғанша даярлай алады. 3D баспа немесе аддитивті өндіріс объектіні 3D моделіне қарап отырып материалдарын біріктіріп, кезең кезең бойынша құрастырып шығады. Қазірдің өзінде ойыншықтар тіпті десеңіз, көліктер де осындай жолмен дайындалуда. Адам ағзаларын 3D

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: