Көне қалалар. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Страницы: 1 | 2  >  >>

Көне қалалар. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
Мақсаттар: 1. Қазақстан көне қалалары туралы шағын мәлімет беру
2. Сөйлеу,әңгімелеу дағдыларын меңгеру.
3. Оқушылардың қызығу сезімдерін ашу.
САБАҚ ТҮРІ: жаңа тақырып: САБАҚ ӘДІСІ: ауызша, көру.
КӨРНЕКІЛІКТЕР: көне қалар суреттері, қосымша әдебиет

. І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаттарымен таныстыру.
ІІ. Жаңа тақырып.
1,Кіріспе сөз:. Тарихсыз ел болмайды, тарихсыз адам да болмайды. Біздің тарихымыз -
біздің шежіреміз, біздің кешегі өміріміз, кешегісіз ертеңгі де жоқ Бүгін
біз Қазақстанның көне қалалары туралы әңгімелейміз. Көне қалалардың
құрылысы сақталмаса да, оның сарайлары, жазбаша ескерткіштері,өлең-
дастандары қалған Бізде көне қалалардан сақталғаны - Түркістан және
Тараз қалалары.
М. Жұмабаев мына сөздерімен өз сүйіспеншілігін білдіреді:
"Түркістан - екі дүние есігі ғой.
Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.
. Тамаша Түркістандай жерде туған
Түркістан Тәңір берген несібі ғой. "
. Біз өз тарихымызды құрметтейміз,сыйлаймыз, мақтан етеміз, себебі
тарихсыз бүгінгінің ерекшелігі көзге түспес еді. Өз тарихына жылы сөздерін
бір орыс ақыны айтыпты:
"История не терпит суесловья,
Трудна ее народная стезя.
Ее страницы, залитые кровью,
Нельзя любить бездумною любовью,
И не любить без памяти нельзя. "

Көне қалалар : Отырар,Адахкет,Ақ-Қорған,Алматы,Баладж, Тараз,
Берукет,Түркістан, Арқайым т. б. Бүгінгі күнге сақталған қалалар:
Түркістан,Тараз. Түркістан 1500 жылдан келе жатыр, ал Тараз одан да көне.
2. Оқулықпен жұмыс: 37 бет. 2 тапсырма арқылы - сөйлесу .
ІІІ. Грамматикалық тақырып: 24 беттегі ережені ескерту

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: