а: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
жаңа жылда келеді
бізге қарай жылыстап
Ақашақар: балалар мен сендермен ойын ойнағым келеді.
Ойын:"Шар жару"
Аяз ата:
Қызық дәурен тез өтуде қарасам
Қыза берсін жаңа жылдық тамаша
1бала:Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып жылтыр болып жатады.
2бала:Мұздан моншақ тағынып
Күміс қырау жамылып
Ортада тұр ақшақар
Көптен күтіп сағынып.
3бала:Кел бидейік сенімен
Дедім тартып жеңінен
Еріп кетпе ақша қар
Адамдардың демімен
Қаршақыз:
Билейміз деп бұралып
Қыздар тұр міне сұранып
Би: қаршалар
Аяз ата:
Балалар сендердің білімдеріңді тексерейін жұмбақ жасырсам шеше аласыңдарма?
Балалар: иа
Жұмбақтар:
1. Пісте, пісте көп пісте
Қызы жазы бір түсте.
2. Қыста жер бетін басады
Көктемде сайға қашады.
3. бетіңді шымшып алады
Терезеге өрнек салады.
Жүргізуші: Ата біздің балалар ағылшын тілінде тақпақтар айталады
Ағылшынша тақпақтар:
Ой жарайсыңдар балалар, балалар өркендерің өссін,өнерлеріңді тамашаладым, сендер секілді балалар күтіп отыр олардыда қуантайын. жаңа жылды жақсылап қарсы алыңыздар сау болыңыздар.
Қаршақыз:
тыңдаңызшы ата сіз мені
Ұмыттыңыз сіз нені?
Аяз ата:
О,қызым есіме салғаныңа рахмет
Күлшеқыз бүгін достасты
Араздықпен қоштасты
Жаңа жыл келіп ортаға
Бәрімізбен қауышты
Сыйлығым дайын меніңде
Бөліп берем бәріңе.
Балалар ақшақар екеуіміз кетейік жаңа жылды жақсылап қарсы алдық, бір - біріңмен тату болыңдар, бір-біріңді ренжітпеңдер, қош сау болыңыздар.
Балалар: сау бол аяз ата, сау бол ақшақар.
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>