Көлік туралы түсінік

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

дығы - общая протяженность
негізгі өнімдер - основные продукты

Автомобиль көлігі.
Автомобиь көлігі - жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Қазақстандағы халықаралық автомобиль тасымалы, негізінен, халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында орындалады.
Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел - тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойыншаолардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.
Бұл көрсеткіш жөнінен әсіресе АҚШ айрықша көзге түседі: мұнда 1000 адамға- 600 автомобильден келеді. Жолдардың жиілігі жөнінен Батыс Еуропа мен Жапония алға шығады.
Сөздік:
Таяу - близко
кезең-кезеңмен - постепенно
үлес салмағы - объем вклада
көрсеткіш - показатель
жиілігі - частота
ұзындығы - протяженность

Әуе көлігі.
Әуе көлігі - көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкөністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Әуе көлігі - әуе тасымалын орындайтын көлік түрі. Әуе көлігінің басқа көлік түрлерінен айырмашылығы - жылдамдылығында.
Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 жылы ұшып келді (Мәртөк - Новосергеевка бағытында).
1923 жылы "Добролет" қоғамы құрылып, ол әуе поштасы мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды.
1924 жылы "Ю-13" ұшағымен Ташкент-Алматы, Алматы-Ташкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді.
1925 жылы Бішкек-Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды.
1929 жылы Қызылорда-Мәскеу әуе жолы ашылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше әуекомпаниялары ("Эйр Қазақстан", "Эйр Астана") құрылды. Әуе компаниялары

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: