Сынып: 6 
Сабақтың тақырыбы: "Көлік туралы түсінік"
Сабақтың мақсаттары: 
 1. Білімділік: Көлік тақырыбына жан-жақты түсінік беріп, көлік түрлерімен 
таныстыру. Көлік түрлері, олардың пайдасы туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі салаға қажетті көлік түрлерін ажыратуға үйрету. 
 2. Дамытушылық: Оқушылардың сабақ барысында, тапсырмаларды орындау 
кезінде ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Жаңа сөздермен жұмыс орындау барысында оқушылардың сөздік қорын байыту. 
 3. Тәрбиелік: Көліктің қозғалыс барысында жол жүру ережелерін сақтауға және
оқушыларды тәртіпті болуға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақтың көрнекіліктері: мультимедиялық кешен, постер, маркер, суреттер. 
Әдістәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелесу, көрнекілік,түсіндіру. 
Сабақтың барысы. 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару. Психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындық, оқушылардың көңіл-күйін сабаққа икемдеу. 
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 
 oo Балалар, тағы қандай көлікті білесіңдер? Бүгінгі сабақта біз көлік деген 
ұғымымен танысып, оның түрлерін ажырата білуге үйренеміз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Көлік туралы түсінік". 
 oo Ең алдымен бүгінгі сабақтың жаңа сөздерімен танысайық. 
Сөздік жұмыс:
Көлік - транспорт
тасымалдау - перевозить
жылдамдылық - скорость
жүк - груз
мініс малы - верховые животные
жегін малы - животные, предназначенные для упряжки
жетістік - достижение
көлік құралы - транспортное средство
ІІІ. Жаңа сабақ. 
Мұғалімнің кіріспе сөзі. (бейнесуреттер көрсетіледі)
Көлік - (латын тілінен trans - "арқылы" және portare - "апару" деген мағынаны білдіреді) адамдарды ж
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
