Көлік түрлері

Страницы: 1 | 2  >  >>

Көлік түрлері

Білімдік аймағы: Таным
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: "Автотұрақ" (геометриялық пішіндер)
Мақсаты:Көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Атқаратын қызметіне және жүретін ортасына қарай (ауада, жерде, суда) топтастыру.
Көліктердің пайдасы және зиянды жақтарымен таныстыру. Көлік ішіндегі мінез - құлық ережелері туралы түсіндіру. Адам тұрмысындағы көліктің пайдасы туралы мәлімет беру.
Сөздік жұмыс: Арба, жолаушылар, жүк тасымалдау, жерде, суда, әуеде жүретін
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Мотивациялық оятушылық
Тәрбиеші балаларды "Әсем күлкі сыйлайық" атты шаттық шеңберге тұрғызады. Күз мезгілінің әр күні шырайлы болуы үшін балаларға бір-біріне шырайлы күлкілерін сыйлауды ұсынады. Балалар қол ұстасып, оң жағында тұрған көршісінің көзіне қарап, бірнеше жылы сөздер айтып, мадақтайды. Жылы сөз естіген бала, алғысын айтып, әсем күлкісін сыйлайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік
Тәрбиеші ұ. о. іс-әрекетін көліктер туралы әңгімеден бастайды. Тақтаға түрлі көліктер түрлері бейнеленген суреттер іледі.
- Балалар мына суретте нелер бейнеленген?
- Көліктердің аттарын атаңдар?

- Барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

- Көлік дегеніміз не?
Тәрбиеші тақтадағы кейбір суреттерді, теріс қаратып қояды да, жасырынып тұрған көліктер туралы жұмбақтар жасырады.

Ойын-саяхат: Балалар біз саяхатқа шықтық деп ойлап көрейік.
- Көрші қалаға бару үшін қандай көлік түрін таңдар едіңдер?
Балалардың зейінін олардың ортақ белгілеріне аударады.
- Ортақ белгілері не?
- Оларға дөңгелектер не үшін керек?
- Бір сөзбен бұл көліктерді жерде жүретін көліктер дейміз.
- Сергіту сәті:

- Ал, егер біз алыс елге Индияға т. б
жерлерге баратын болсақ,

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: