Көлік кешені

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Көлік географиясы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы, қазіргі құрылымы және аумақтық айырмашылығы жөнінде түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды сандық көрсеткіштермен жұмыс істеуге, тапсырмаларды ұқыпты орындауға, логикалық ойлауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға экономикалық тәрбие бере отырып, өзара достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақтың әдіс -тәсілдері: Сұрақ- жауап, әңгіме, ізденіс.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Көлік географиясы.

oo Көлік жүйесі дегеніміз не?
oo Кең тараған қандай байланыс құралдарын білесіңдер?
oo Теміржол желілерінің жиілігі нені көрсетеді?
oo Көлік түрлерінің ең ежелгі және ең жаңа түрлерін атаңдар?
Теңіз көлігі және өзен көлігі дүниежүзілік көлік жүйесіндегі ең арзаны болып саналады. Негізгі теңіз жолдары. Атлант. Тынық. Үнді мұхиттары.
Дүниежүзілік ірі порттар ( жүк айналымы бойынша): Сингапур, Роттердам (Нидерланды), Шанхай (Қытай), Нагоя, Йокохама, Тиба, Кобе (Жапония), т. б.
Теміржол көлігі- құрлықтық көліктің ең маңыздысы.
Ең ұзын теміржолдар.
Ұзындығы-1,2млн. км.


АҚШ 240 мың. км. Канада 90 мың. км. Ресей 86 мың. км.
Қазақстанда көлік түрінің маңызды саласының бірі- теміржол көлігі. Алғашқы теміржол елімізде Покров слободасы (Ресей)- Орал қаласы арасында 1894 жылы салынды. 1896 жылы Транссібір магистралінің бір тармағы- Оңтүстік Сібір теміржолы желісі (ұзындығы-190 км)Қазақстан аумағымен өтті. 1906 жылы ұзындығы 1852 км болатын Орынбор- Ташкент теміржол магистралі пайдалануға берілді. Бұл теміржолды І Трансқазақстандық теміржол магистралі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: