Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности
ІІ кіші топ "Көбелек" тобы Күні: 24. 02. 17.
Білім саласы: "Таным", Жаратылыстану
Тақырыбы: "Көктем келе жатыр" (сұрақ-жауап)
Мақсаты:Көктемдегі ауа-райының өзгеруінің балаларға түсіндіру. Балаларды табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету, және ауызша айтуын бақылау. Қоршаған ортаға байланысты жылы сезімдерін,қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: Көктем, табиғат, ауа райы
Сөздік жұмыс: Көктем-весна, табиғат-природа, ауа райы-погода
Іс-әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Жұмбақ жасыру:
Қар еріп, су көбейіп
Сай-салаға ағады.
Мал манырап, қой жамырап
Өріс малға толады.
Бүршік жарып, жапырақ шашып
Бәйшешек гүл шығады.
Айтыңдаршы балаларым
Бұл қай кезде болады?
Балалар жұмбақтын шешімін "көктем" екенін тауып, қуанады.
Ұйымдастырушылық ізденіс
Билингвалдық компонент: Көктем, табиғат, ауа райы
Балаларға көктемде қандай өзгерістер болатынын, адамдардың қалай киінетіні жайлы айтып түсіндіремін.
Қайрат көктем белгілерін айтшы?
Көктемгі табиғатты балаларға бақылауларына ұсыныс беру. Қоршаған ортаны ластамауға, қамқор болуға, табиғатты аялауға үйретемін.
Көктемде ен бірінші шыгатын гүлдің аты қандай?
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Балалар көктемгі өзгерістерді суреттер арқылы танысып,
Қайрат: қар ериді, күн қысқарады, құстар ұшып келеді, күн ашық" деген сөздерді қолданып айтуға тырысады.
Білмегендерін сұра
Страницы: 1 | 2 > >>