Көкөністер

Страницы: 1 | 2  >  >>


Білім беру саласы: "Коммуникация"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: "Көкөністер" (дидактикалық ойын)
Мақсаты: Балалардың көкөністер туралы білімдерін толықтыру. Көкөністерді ұстап, дәмін татып ажырата білуге үйрету. Қайнатылған, шикі, ащы, ұзын, дөңгелек және т. б. сөздерді сөйлеу барысында пайдалануға дағдыландыру.
Көрнекіліктер: көкөністердің муляждары, қалта, кесілген көкөністер.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрсету, дидактикалық ойындар "Ғажайып қалта", "Дәміне қарай ажырат".
Сөздік жұмыс: қайнатылған, шикі, ащы, ұзын, дөңгелек.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған.
Сәлем деймін апайға,
Сәлем деймін достарға.

Шаттық шеңберін құрады. Қимыл қозғалыспен көрсетеді.
Ұйымдастыру-іздестіру
Үстелдің үстінде көкөністер - сәбіз, қызылша, картоп, қырыққабат, қызанақ қойылған. Балаларға көкөністерді көрсету. Көкөністердің түсіне, пішініне және басқа да белгілеріне балалардың назарын аудару. Балаларды кезекпен шақырып, аталған көкөністі табуды тапсыру.
Мысалы:
Сәуле, қызанақты тап және оны балаларға көрсет.
Сәуле, қызанақтың пішіні қандай? Дөңгелек пе?
Қызанақтың түсі қандай?

Осылайша балалардан басқа да көкөністер туралы сұрайды.
Сергіту сәті.
Бір, екі, үш, бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Жаттығу жасап алайық,
Бір дем алып қалайық.
Әрі қарай балаларға "Ғажайып қалта" дидактикалық ойынын ұсыну.
Ойын шарты: Балалар көкөністерді ұстап ажыратулары керек.
Мына қалтада көкөністер бар. Сіздер қолда-рыңмен ұстау арқылы қалтадағы

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: