жігерлендіріп, жұмысын әрі қарай жалғастыра берді. Күз келді. Бақта көптеген жемістер мен жидектер пісіп жетілді. Садық жеміс-жидектерді өзі де жеп, досына да ауыз тигізді. Халел жеміс-жидектерді тойып жеп алып:
Қазір мен барлығын да жеп тауысамын, ештеңе қалмайды,-деді.
Қалады. Әкем: "Жер-ана еңбекті ойынға айырбастамай, аянбай еңбек еткендерді өз жомарттығымен сыйлайды" деген,-деді Садық.
Сұрақ-жауап арқылы әңгіменің мазмұнын пысықтау:
Садықтың әкесі кім?
Олар қайда еңбектенеді?
Олардың қасына кім келді?
Халел Садыққа не деді?
Садық не деп жауап берді?
Халел Садықты қалай қызықтырды?
Садық досын немен сыйлады?
Халел жеміс-жидекке тойып алып, не деді?
Садық оған қалай жауап берді?
Балалар, біздің әңгімеміздегі Садық өте еңбекқор бала екен. Ол өзінің әкесіне көмектесті. Садық өз еңбегінің арқасында мол өнім алды. Сонымен қатар өте жомарт екен.
Ал, Халел болса еріншек, ойын ойнаудан қолы тимейтін, еріншек бала екен. Сендер қалай ойлайсыңдар, бұл екі баланың қайсысын жақсы бала деп, айта аламыз? Сендер Халелдің орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Балалар, мен сендерге әңгімені тағы бір рет оқып беремін. Мұқият тыңдаймыз.
Дидактикалық ойын: "Жемістермен көкөністер".
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ,сұр қоян,
ЕстІп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып,ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Қортынды кезең:
- Әңгіме не туралы?
- Садықтың еңбегі қандай?
- Қалелдің орнында не істер едіңдер?
- Әрбала оз ойын айтады.
Оқу іс әрекетінің соңында балаларға еңбек туралы мақал мәтел жаттату.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарнын тіленбей.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>