Кішіге ізет, үлкенге құрмет

Страницы: <<  <  1 | 2

і де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата - анаға көмекші, адамдарға мейірімді бола білетін оқушы болады деп сенім білдіремін.
Оқушы:Атаң болса анаңмен -
Алтыннан соққан қорғаның.
Ағаң болса ақылды -
Ешкімнен кем болмадың.
Оқушы:Інің болса жанашыр -
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл
Өкпе, бауыр, жүрегің.
Балалар бұл өмірде не қасиетсіз екен?Мақал – мәтел.
Бал салмаса – ара қасиетсіз,
Жанбай қалған шала қасиетсіз.
Әдепсіз болса – бала қасиетсіз,
Әділетсіз болса – дана қасиетсіз.
Көк шықпаса – жер қасиетсіз,
Ойсыз болса - ер қасиетсіз,
Жылу болмаса – түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса – жігіт қасиетсіз.
Данияр: Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге бөлейтін.
Ардақ: Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Ерболат: Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Саржан: Үлкендерді сыйлаймыз біз,
Үй тазалап жинаймыз біз,
Біз қолқанат баламыз.
Мұғалім: Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді қалай түсінесіңдер?
Жанарыс: Адам баласы өзгелермен қарым - қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс - жақындығына, үлкен - кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек. бұл адамгершілік борыш.
Қорытынды.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Рахмет!




Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: