Кинорежиссер Аяған Шәжімбаевтің

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


"ЕЙ, АДАМНЫҢ БАЛАСЫ, БЕРМЕН ҚАРА!"-дегенді кинорежиссер Аяған Шәжімбаев жиі айтушы еді . . .


Қазақ кино өнерінің көрнекті қайраткері Аяған Шәжімбаев 1952 жылғы 25 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Қаратал ауылында дүниеге келген.
Аяған Құандықұлы 1970 жылы Петропавл қаласындағы 2 облыстық мектеп-интернатты (қазіргі Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназия-интернат) бітірген.
Сол жылы еңбек жолын бұрынғы "Ленин туы" (қазіргі "Солтүстік Қазақстан") газетінің редакциясында кіші әдеби қызметкер болып бастады. 1971 жылдың көктемінде әскерге алынып, бір жыл "Байқоңыр" ғарыш айлағында әскери борышын өтеді. 1972-1974 жылдары Алматы қаласындағы М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік-студиясында оқыды. 1973 жылдың жазында Мәскеуде бір айлық гастрольда болып, белгілі театр өнері майталмандарынан тәлім-тәрбие алды. 1974-1976 жылдары Қарағанды қаласындағы С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында актерлік қызмет атқарып, сахналық өнер шеберлігін шындаған.
1976-1988 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында "Транссібір экспресі" көркемсуретті фильмінде актер, режиссердің ассистенті болды. Кейін жиырма шақты фильмді түсіруге екінші режиссер және актер болып атсалысты. Сол жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің журналистика факультетін, Бүкілодақтық кинематография институтының "ВГИК" жоғары курсын тамамдады.
А. Шәжімбаев өзіндік шығармашылық қолтаңбасымен "Бәйтерек", "Барбол", "Толғау", "АЛЖИР", "Актер Әнуарбек Молдабеков", "Режиссер Жұмат Шанин", "Домбыра үні", "Алтынбектің әндері", т. б. деректі фильмдерін түсірді

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: