Көңілді тапқырлар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

" Есіл с. 2 орта мектебі"КММ
бастауыш сынып мұғалімдері
Едилхаан Гулара
Мугарав Бахытжан

Тілдер күніне арналған "Көңілді тапқырлар"
сайысы

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы
достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер!
Біздің елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз, егеменді ел. Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын
біріктіріп отырған мемлекет. Қазақстан біздің достық үйіміз, ал 2 орта
мектеп білім үйіміз.
Енді "Көңілді тапқырлар" сайысын бастайық. Бұл ойын 6 кезеңнен тұрады.
Алдымен сіздердің жауаптарыңызды сараптау үшін әділқазылармен таныстырайық:
1. Шарашкина Е. Н. - оқу ісінің орынбасары.
2. Мустафина Ә. С. - әдістеме бірлестігі бастығы
3. Круглова С. К. -. қазақ тілі мұғалімі.
Ал,қанеки, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер. -дей келе қатысушыларға ортаға шақырайын ( аттарын айтам. )
1 кезең " Таныстыру" ( үш тілде,қазақ,орысша, ағылшынша) Әр оқушы өздерін таныстырады:
2 кезең "Кім жылдам" бұл бөлімде 12 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншының жауап беруге мүмкіндігі болады. ( ұпайы аз екі оқушы шығады)
1. ҚР-астанасы қай қала?
2. Аптада неше күн бар? (7)
3. Құста қанат, ал адамда ( қол)
4. Балалар білім алатын орын ( мектеп)
5. Аптаның 5 ші күні ( жұма)
6. Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге болады? ( жасыл)
7. 5 пен 7 нің арасында қандай сан бар?

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: