Көңілді көктем

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы : "Көңілді көктем"
Білім беру саласы: "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", " Шығармашылық" ," Әлеумет".
Мақсаты:
1. Балалардың күнделікті алған білімдерін түрлі тапсырмалар орындату
арқылы бекіту .
2. Балалардың шығармашылығын тақпақ, ойын арқылы есте сақтау
қабілетін дамыту.
3. Ұқыптылыққа өз еркімен ойын жеткізуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ойындар, тыңдау, көрсету
Көрнекілігі:Ойыншық сәбіз, көрнекілік суреттер, үлестірмелі құралдар.
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы
Балалар, қазір көктем мезгілі, күн жылынып, жылы жақтан құстар ұшып келді. Енді мына кішкене құс арқылы бір - бірімізге жылы тілектер айтайық. Шеңбер бойында ойыншық торғайды ұсынып бір - бірлеріне "жылы жүрекпен" өз тілектерін айтады.
-Балалар бір-бірлеріне өз тілектерін айтады.


Іздену-ұйымдастырушы


Құстың бізге берер тапсырмасы бар екен. Қане орындап көрелік.

- Балалар құстың тапсырмасын орындауға дайынбыз ба?
Тәрбиеші балаларға тапсырманы ұсынады:
1-ші тапсырма: "Адасқан сандар?" Дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Шарты: Тақтадағы адасқан сандарды 1 -5 ке дейін рет-ретімен қойып шығу.

Балалар мен балабақшаға келе жатып қоянды көрдім, ол да балабақшаға келе жатыр екен.
Қояның да бізге тасырмасы бар екен.
Сол кезде топқа қоян келеді.
-Сәлеметсіңдерме балалар. Мен сендерге өз тапсырмамды ала келдім,орындауға дайынсыздар ма?
2-тапсырма:
. Бұл ойыншық сәбіз суреті. Сіздерге осы ойыншық сәбіз суретін бояуға тапсырма беремін. Өздеріңіз қалаған түспен бояуға болады.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: