Көңілді көктем

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

лыңда қалады?
2. Алдыңда үш балапан,
Артыңда үш балапан,
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын балақай?
3. Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне кім тез шешеді?
Ойын: " Сандар шатасты "
Мақсаты: Ретімен қою.
Балалар жарайсыңдар, менің тапсырмаларымды орындап болдыңдар. Сиқырлы сандық кілтінің бірінші бөлігін өздеріңе табыстаймын.
Балалар енді кілттің қалған бөліктерін табуымыз үшін, сапарымызды жалғастырамыз.
Балалар білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1. Оқу білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
2. Оқу білім азығы,
Білім ырыс қазығы
3. Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
4. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
5. Білім шырақ,өнер бұлақ
6. Білім басқа бітеді,
Қына тасқа бітеді.
7. Оқу инемен құдық қазғандай.
-Өте жақсы балалар, білім туралы тақпақта білесіңдер ме?
Білім туралы тақпақ айтады.
Кел балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар,
Іздегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Ғалымбек кілттің тағы бір бөлігін береді.
-Балалар біздер "Білім" еліне немен келдік?
-Мен енді уәдемде тұрып, сендерге кілттің соңғы бөлігін табыстаймын.
-Ал енді, балалар сиқырлы сандықты ашу үшін кілттің барлық бөліктерін таптық. Ендеше бөбекжайымызға тез жетіп алайық. Әндетіп бару.
-Балалар қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
Балалар олай болса, осы үшбұрыш төртбұрыштан судан көрген балық суретін құрастырайық.

Сергіту сәті.
Бойды сергек тік ұста,
Емін, еркін тыныста
Демінді ішке тез ал да,
Өз қолыңды алға соз,
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қолда бос тұрмасын

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: