Киіз үй

Страницы: 1 | 2  >  >>


ҰОҚ картасы

Білім беру саласы: Коммуникация
Білім беру саласы: Қазақ тілі
Тақырыбы: "Киіз үй"
Мақсаты(5-6 ж. балалар үшін):
Балаларға қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру

Міндеттер:
Білімділік: Киіз үй құрылысымен таныстыру.
Дамытушы: Киіз үй құрылысы туралы айтып, балалардың ойлау, есте сақтай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиеленуші: Ұлттық дәстүрді қадірлеуге білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы : киіз үй, кереге, шаңырақ, уық, сықырлауық (киіз есік)
Құралдар: суреттер, слайд "киіз үй көрмесі", асықтар, жеке карточкалар
Әдіс-тәсілдер: қайталау, сұрақ-жауап,әңгімелеу, акт әдісі, жеке жұмыс, ой қозғау
Іс- әрекет кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Кіріспе бөлім
І. Сәлемдесу.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Біз бүгін қазақ тілін үйрену үйірме жұмысын жалғастырамыз. Бірақ "Ботаға" мемлекеттік рәміздер туралы айтып берейік.
-Мынау не? - Тудың түсі қандай? туда не бар?
-Мынау не? - Елтаңбаның ортасында не бар? Үстінде не бар? . . . .

Сәлемдеседі.
Тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді:
-Мынау - Ту. Тудың түсі көгілдір. Туда ою өрнек, алтын күн , қос тұлпарлар бар. . . . . .
Негізгі бөлім
ІІ. "Киіз үй көрмесі" слайд
1. -Балалар мына слайдта нен көріп тұрсыңдар?
-Киіз үй туралы не білесіңдер?
-Кім киіз үйдің ішіне кіріп көрді?
-Киіз үйді неден жасайды?
2. Әңгімелеу.
Балалар мен сендерге киіз үй туралы шағын мағлұмат беріп өтейін.
Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық (жарма есігі).
Кереге - киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі.
Шаңырақ - киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көт

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: