ры) символдарынан басқа саны 64-ке дейінгі символдар тізбегін алуға болады.
-Әр өріске бір типті ғана берілгендерді енгізу мүмкін. Типтер: мәтіндік, мемо, сандық, мерзім/уақыт, қаржылық, санауыш, логикалық, OLE, гиперсілтеме, ауыстырулар шебері. Мәтіндік өріс ұяшығында 256-ға дейін символдар тізбегін енгізуге болады.
-Түрлі өріс түрлі қасиетті (қасиет- өріс типі, өріс ұзындығы, т. б. )
- Кейбір жағдайларда Access-те ДҚ кестесінің бірінші өрісі етіліп автоматты түрде Код тақырыбы меншіктелген өріс қосылып қояды. Оны есептегіш типті өріс деп атайды. Егер кестеде мұндай өріс бар болса, әр жазу енгізілген сайын оның реттік нөмірі осы өріске кірістіріліп қойылады.
Кестелерді байланыстыру үшін тағайындалған өрістерді кілттік өріс деп атайды. Олардың кемінде біреуінің кілттік өрісі бірегей, екіншісінің өрісі осы типті болуы тиіс. Мысалы: сынақ кітапшасының нөмірі, РНН.
Кестелер байланысының келесі түрлері бар:
-бірден-бірге қатынас;
- бірден-көпке қатынас;
- көптен-бірге қатынас;
- көптен-көпке қатынас.
Access-ті іске қосу үшін Windows жұмыс үстелі арқылы Іске қосу-Программалар- Microsoft Access командасын беру жеткілікті.
Мысалы: Кестені толтырыңыздар, әр өрістің типін ажыратып топ сруденттері туралы мағлұмат енгізіңіздер.
Жаңа материалды игеріп, сабақты қызығушылықпен тындап, әр оқушы өз түсініктерін айтады.
Access программасын ашып тапсырма орындайды.
Қойылған міндеттерді шешу үшін берілген дәрістің ішінен MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесімен орындалатын операцияларды меңгереді.
Кесте құруды үйренеді, практикалық жұмыста қолдана біледі, кесте туралы бұрын игерген білімдерін толықтырады, с
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>